"Өзгерістер болады". Магомед Әдиев Беларусьпен матч жайлы

23 қыркүйек 2022 02:51
©ҚФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Әдиев Ұлттар лигасында Беларусьті ұтқаннан кейін журналистер сауалына жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Шынымды айтсам мұндай ерекше күйді бірінші рет сезініп тұрмын. Бізге керемет атмосфера сыйлаған жанкүйерлерге, ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Қандай нәтиже болмасын біздің ойыншылар жан-тәнімен, шын жүрегімен барын салып ойнайтынына күмәнім жоқ. Бірінші таймнан кейін жігіттердің көңіл-күйі түсіп, киім ауыстыру бөлмесіне бастарын салбыратып келді. Біраз қамшылап жібердім. Алдағы уақытта Әзірбайжан құрамасымен өтетін ойында міндетті түрде өзгерістер болады, ол жағын сәл кейінірек шешеміз", - деді Әдиев.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport