Өзбестандық 20 жастағы футболшы Испания чемпионатына өтпек

©ЦСКА КФК

Мәскеудің ЦСКА командасында ойнайтын өзбек футболшысы Аббосбек Файзуллаев жуық арада "Вильярреал" командасының қатарын толықтыруы мүмкін.

Өзбек басылымдары хабарлағандай, клубтар арасындағы келіссөз сәтті жалғасуда. Қос тарап келісім шарттарына келіскеннен кейін ресми түрде хабарлайды деп күтілуде. 

20 жастағы жартылай қорғаушы ЦСКА сапында 32 матчқа қатысып, 5 гол соқты, 14 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы ойыншыны 6 млн еуроға бағалап отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport