Футбол
15 қазан 09:31
 

Өзбекстаннан екі рет ұтылған үшін қазақстандық бапкерді орнынан алып тастайды

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстаннан екі рет ұтылған үшін қазақстандық бапкерді орнынан алып тастайды ©

Қазақстан жастар құрамасының (U-21) бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан жастар құрамасының (U-21) бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мамоновтың басшылығымен Қазақстан жас футболшылары қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты - екеуі UEFA Еуро-2027 іріктеу кезеңінде:

Англиядан (0:2),
Андоррадан (0:1) ұтылды.

Сондай-ақ, Өзбекстанға қарсы екі жолдастық матчта да ұтылды:

0:1 және 1:3.

Өзбекстан құрамасына қарсы кездесулер Ташкент облысындағы "Дустлик" стадионында өтті. Бұл ойындар қазан айындағы оқу-жаттығу жиынының қорытындысы болды.

Алдағы UEFA Еуро-2027 іріктеу ойындарында - Словакия және Молдоваға қарсы матчтарда - құрама тізгінін басқа отандық бапкер ұстауы мүмкін.

Айта кетейік, Денис Мамонов бұған дейін "Жетісу" және "Қайрат" клубтарының құрылымында, сондай-ақ, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасында жұмыс істеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!