Түркия Кубогының үшінші турындағы "Карагюмрюк" пен "Башакшехир" арасындағы кездесуде (1:4) Өзбекстан құрамасының капитаны Элдор Шомуродов жарақат алып қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Түркияда болған жағымсыз оқиға30 жастағы шабуылшы 22-минутта гол соққанымен, төрт минут өткен соң жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмаған. Қазіргі уақытта жарақаттың сипаты мен қалпына келу мерзімі жарияланған жоқ, бұл жанкүйерлерді алаңдатуда.
Шомуродов Өзбекстан құрамасының негізгі көшбасшыларының бірі. Биылғы маусымда ол "Башакшехир" сапында барлық турнирлерде 29 ойын өткізіп, 15 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Порталдардың мәліметі бойынша шабуылшының нарықтық құны бес миллион еуроға бағалануда.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстан футбол қауымдастығы Элдор Шомуродовты елдің үздік футболшысы деп таныды.
2026 жылдың жазында Өзбекстан құрамасы үшін тарихи оқиға болады - команда АҚШ, Мексика және Канадада өтетін әлем чемпионатына алғаш рет қатысады. Команданы осы турнирде атақты италиялық маман Фабио Каннаваро басқарады. Ол 2025 жылдың қазанында құраманы жаттықтыра бастап, белсенді дайындыққа кірісті.