Өзбекстан мен Қазақстанның футзалдан жолдастық кездесуіне тікелей көрсетілім

14 желтоқсан 2021 09:39
©ҚФФ

Бүгін, 14 желтоқсанда футзалдан Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатына дайындық аясында Өзбекстан командасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтанда өтетін кездесу 19:00-де басталады. Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Ертең, 15 желтоқсанға қарымта ойын белгіленген.

Еске салайық, Еуро-2022 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығы Амстердам мен Гронингенде (Нидерланды) өтеді. Қазақстан командасының топтағы қарсыластары Италия, Словения мен Финляндия.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: