Футбол
29 шілде 12:19

Өзбекстан құрамасының бапкері Қазақстанмен матч туралы мәлімдеме жасады

©Өзбекстанның футбол қауымдастығы

Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тимур Кападзе ұлттық команданың алдағы матчтарына қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz Championat.asia сайтына сілтеме жасап.

Бапкер әсіресе Қазақстан құрамасымен мүмкін болатын жолдастық кездесуге пікір білдірді.

- Қыркүйек айындағы кестеміз белгілі. Құрама қазан және қараша айларындағы ФИФА күндерінде де жолдастық ойындар өткізуді жоспарлап отыр. Қай командалармен ойнайтынымыз белгілі ме?

- Қазірге тек қыркүйек айына қатысты ақпарат бар. Қалған күндерге байланысты нақты мәлімет жоқ. Ресми хабарланғанда білеміз.

- Аргентина және Уругвай құрамаларымен келіссөздер жүріп жатыр дегенді естідік...

- Бұл ақпарат шындыққа сай. Қытай осы құрамаларды және бізді турнирге шақырды. Олар келетінін, некелмейтінін уақыт көрсетеді.

- Көрші ел сайттарында Өзбекстан мен Қазақстан құрамалары арасындағы жолдастық матч туралы ақпарат жарияланды. Бұл ойын туралы не ойлайсыз?

- Бұл ойын, мүмкін, олардың жоспарында бар шығар. Менде мұндай ақпарат жоқ. Егер федерация нақты мәлімет берсе, біз бірлесіп шешім қабылдаймыз.

Еске салайық, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды. Әлем біріншілігі 2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport