Футбол
Кеше 10:40

Өзбекстан құрамасының ӘЧ-дегі тарихи матчінде төрт гол соғылды

©Ufa.uz

Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Колумбиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

K тобындағы кездесу Мексиканың Мехико қаласындағы әйгілі "Ацтека" стадионында өтті. Бірінші таймның басым бөлігінде есеп ашылмаған еді.

Алайда 40-минутта колумбиялықтар алға шықты. Айып алаңына бағытталған пастан кейін Даниэль Муньос допты Қазақстанда туған Өткір Юсупов қорғаған қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты.


Екінші таймда Өзбекстан құрамасы әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голын соқты. 60-минутта Фабио Каннаваро шәкірттері нәтижелі шабуыл ұйымдастырып, оны Аббосбек Файзуллаев аяқтады. Ол Элдор Шомуродовтың соққысынан кейін қайтарылған допты баспен қақпаға тоғытты. Колумбия қақпашысы Камило Варгас алғашқы соққыны қайтарғанымен, екіншісінде жаңылды.


Алайда өзбекстандықтардың қуанышы ұзаққа созылған жоқ. Араға бес минут салып Луис Диас қарсылас қақпасынан саңылау тауып, Колумбияны қайтадан алға шығарды — 2:1.


Матчтың соңғы нүктесін колумбиялықтар қойды. Төреші қосқан уақыттың тоғызыншы минутында Хаминтон Кампас қапталдан келген пасты алыстағы бағанда сәтті түйіндеп, қорытынды есепті белгіледі - 3:1.


Осылайша, Колумбия әлем біріншілігін жеңіспен бастаса, Өзбекстан құрамасы турнирдегі алғашқы ойынында ұпайсыз қалды.

Келесі турда Өзбекстан құрамасы 23 маусым күні АҚШ-тың Хьюстон қаласында Португалиямен кездеседі. Ал Колумбия 24 маусымда Мексиканың Гвадалахара қаласында Конго Демократиялық Республикасына қарсы алаңға шығады.

Айта кетейік, бұған дейін осы топтағы Португалия мен Конго Демократиялық Республикасы құрамалары жеңімпазды анықтай алмай, 1:1 есебімен тең түскен болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport