Футбол
Бүгін 12:51

Өзбекстан құрамасы ұтылған матчтағы Хусановтың ойынын баға берілді

© instagram.com/uzbekistanfa

"Манчестер Сити" және Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Абдукодир Хусановқа Оңтүстік Кореяға қарсы жолдастық матчтағы ойыны үшін баға берілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Кездесу Ёнъинде өтіп, алаң иелерінің жеңісімен аяқталды - 2:0. Голдарды Сон Хын Мин (6-минут) және О Хун Се (60-минут) соқты.

Хусанов матчты негізгі құрамда бастап, 83-минутта алаңнан ауыстырылды. Ол көрсеткен ойыны үшін Flashscore сайтынан 6,8 деген баға алды. Одан жоғары бағаны Шерзод Эсанов (6,9), Аббосбек Файзуллаев (6,9) және Жахонгир Урозов (7,4) иеленді. Ең төмен бағалар Эльдор Шомуродов (5,7) пен Бехруз Каримовқа (5,7) берілді.

Оңтүстік Корея ФИФА рейтингінде 32-орында болса, Өзбекстан 60-сатыда тұр.

Бұған дейінгі бақылау матчтарында Өзбекстан Иранды (3:1) және Сирияны (4:1) ұтқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport