Өзбекстан футбол құрамасы үш дүркін әлем чемпионы Аргентина ұлттық командасымен жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz Championat.asia басылымына сілтеме жасап.
Каннавароны үш матч күтіп тұр
Дереккөздің мәліметінше, ұлттық құрамалар арасындағы кездесу алдын ала 30 қыркүйекке жоспарланған және Қытайда өтуі тиіс.
Аргентинамен болатын матчқа дейін Фабио Каннаваро шәкірттері тағы бір ойынды өз алаңында өткізеді. 24 қыркүйекте Өзбекстан құрамасы Ташкентте Иранмен кездеседі.
Ал 6 қазанда өзбекстандық футболшылар Оңтүстік Кореяға қонаққа барады. Бұл үш матч та алдағы халықаралық жарыстарға дайындық аясында өтеді.
Қарсылас - ӘЧ-2026 финалисі
Аргентина мен Өзбекстан биыл жазда 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Алайда турнир барысында екі құрама өзара кездеспеді. Өзбекстан құрамасы өзінің алғашқы әлем чемпионатындағы ойындарын топтық кезеңде аяқтаса, Аргентина финалға дейін жетті.
Шешуші кездесуде "альбиселесте" Испаниядан 0:1 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Аргентина құрамасы - үш дүркін әлем чемпионы. Команда бұл атақты 1978, 1986 және 2022 жылдары жеңіп алған.
Жарнама