Футболдан Өзбекстанның ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын өткізетін елдердің бірімен жолдастық матч туралы келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығының ұлттық құрамалар бөлімінің бұрынғы басшысы Шерзод Игамбердиев әлеуметтік желі арқылы хабарлады.
"Бізде 2026 жылғы әлем чемпионатының қожайын елдерінің бірімен 1 маусымда матч өткізу туралы келісімшарт бар. Ең бастысы – сол елмен бір топқа түсіп қалмасақ болғаны", – деп жазды Игамбердиев.
Еске салайық, биылғы жылдың 5 маусымында Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
Сондай-ақ, 13 қазан күні өзбекстандықтар Уругвай құрамасымен жолдастық матч өткізбек.
Жарнама