Өзбекстанда ұлттық құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионатына толыққанды дайындалуы үшін суперлиганың келесі маусымының күнтізбесі өзгертілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Сәуір айы "боксинг-дэйге" айналадыChampionat.asia сайтының бас редакторы Нарзулла Сайдуллаевтың айтуынша, құраманың 2026 жылғы ӘЧ-ге дайындығына байланысты жаңа маусымның кестесін жасау оңай болмаған. Чемпионат 27 ақпанда басталып, 3 желтоқсанда аяқталады, ал плей-оффтың финал матчі 12 желтоқсанға жоспарланған.
Әсіресе сәуір айы өте тығыз өтпек: клубтар қатарынан алты тур өткізеді, яғни, әр үш күн сайын алаңға шығады. Бұл классикалық "боксинг-дэй" форматына сәйкес келеді. Тағы екі тур шілде айының соңғы он күнінде өтеді деп жоспарланған.
Тарихи мундиальға дайындықБарлық өзгеріс Өзбекстан құрамасына 2026 жылғы әлем чемпионатына жақсы дайындалып, табысты өнер көрсетуге жағдай жасауға бағытталған. Айта кетейік, бұл - Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алуы. Мундиаль АҚШ, Мексика және Канадада өтеді, ал ұлттық құраманы италиялық бапкер Фабио Каннаваро жаттықтырады.