"Тобыл" клубының жартылай қорғаушысы Шохбоз Умаров Ташкенттің "Бунёдкор" командасына ауысады, деп хабарлайды Vesti.kz.
26 жастағы футболшы Қостанай клубында негізгі құрамнан орын ала алмай, Өзбекстанға қайта оралу жөнінде шешім қабылдады. Жаңа командасында Умаров тұрақты ойын тәжірибесіне ие болады. Бұл Өзбекстан құрамасына үміткер болып тұрған Умаров үшін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құрамаға шақырту алу үшін аса маңызды фактор.
2025 жылғы маусымды өзбекстандық футболшы түркістандық "Тұран" сапында бастап, 10 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берген. Сонымен қатар, ол 2022–2024 жылдар аралығында "Ордабасы" құрамында ойнап, 2023 жылғы Қазақстан премьер-лигасының чемпионы атануға үлес қосты.
Умаров карьерасын Өзбекстандағы АГМК клубында бастап, кейін Беларуське ауысты. Бұл елде ол "Энергетик-БГУ" және БАТЭ командаларының намысын қорғады. Өзбекстан ұлттық құрамасы сапында бес матч өткізген, оның ішінде Азия кубогі–2024 турниріндегі ойындар да бар.
Айта кетейік, Өзбекстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жолдама алған әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында Канада, АҚШ және Мексикада өтеді.