Өзі шошып кетті. Әйгілі футболшы қарсыласын абайсызда ауыр жарақаттады

©sportmk.ru

Бразилиялық танымал футболшы Марсело Либертадорес кубогы ойынында "Аргентинос Хуниорс" ойыншысы Лусиано Санчесті абайсызда ауыр жарақаттап алды. Қарсыласының жарақатын көре сала ойынды тоқтатқанмен, бәрі кеш еді. 

Төреші Марселоға қызыл қағаз көрсетіп, алаңнан қуды. Ал бразилиялық ойыншы көз жасына ерік беріп, төрешінің шешіміне наразылық білдірген жоқ. Керісінше өзінің сәтсіз қимылына өкінген қалпы алаңнан кетті. 

Жергілікті басылымдардың жазуы бойынша, Лусиано Санчестің алаңға қайта оралуына кемі 1 жыл уақыт қажет.

Марсело қазіргі таңда Бразилияның "Флуминенсе" клубында ойнайды. Оған дейін Грекияның "Олимпиакос" командасында доп тепті. Ал жанкүйерлер оны "Реал Мадрид" сапындағы жарқын ойынымен жақсы таниды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport