Футбол
16 қазан 2017 11:02
 

Өз командаласымен соқтығысып қалған қақпашы қайтыс болды

  Пікірлер

blog.share

Өз командаласымен соқтығысып қалған қақпашы қайтыс болды © goal.com/en

Индонезиялық клубтың қақпашысы ел чемпионатының ішкі ойындары кезінде қайтыс болды. Ойын барысында ол өз командаласымен соғысып қалды, - деп хабарлайды Goal.

blog.share

Индонезиялық клубтың қақпашысы ел чемпионатының ішкі ойындары кезінде қайтыс болды. Ойын барысында ол өз командаласымен соғысып қалды, - деп хабарлайды Goal.

"Персела Ламонган" және "Семен Паданг" командалары арасындағы ойында алаң иелерінің қақпашысы Чойрул Худа өз клубтасы Рамон Родригеспен соғысты. Родригес қарсылас команданың шабуылшысы Марсель Сакраментомен допқа таласып келе жатқан еді. Салдарынан қақпашы есінен танып қалған. 

Төреші ойынды тоқтатып, алаңға дәрігерлерді шақырған. "Персела" дәрігерлері Худуға оқиға орнында көмек көрсеткенімен, ол есін жия алмаған, кейін дәрігерлер қақпашыны зембілмен алаңнан шығарып, жергілікті ауруханаға жеткізді. Алайда дәрігерлер ойыншы өлімнен арашалап қала алмады. Худтың жасы 38-де болатын. 

Ойын аяқталғанда "Персела" бапкері Аджи Сантосо Худаның ауруханада қайтыс болғанын мәлімдеді. "Ойын аяқталысымен барлығы қақпашы жатқан ауруханаға барған, алайда дәрігерлер Чойрул Худаның қайтыс болғанын айтқан. "Бұл біз үшін орны толмас қаза. Дәрігерлердің айтуынша, оның басы мен мойыны қатты зақымдалған, сол себепті оны құтқару мүмкін болмаған", - деді Сантосо. 

Худа спорттық мансабын түгелдей осы "Персела" үшін өткізіп, клуб сапында өнер көрсететін беделді ойыншылардың бірі еді. Ол 1999 жылдан бастап осы команданың атынан ойнаған. 

Жарнама

Живи спортом!