Өз қақпашысымен соқтығысқан қорғаушыны алаңнан зембілмен алып шықты

©Reuters
Лондондық "Арсенал" қорғаушысы Шкодран Мустафи Англия кубогы "Борнмутқа" қарсы 1/16 финал матчінде жарақат алды. 

58-ші минутта Мустафи "Арсенал" қақпашысы Дамиан Мартинеспен қақтығысып қалып, жерге құлағанда тобығын ауыртып алды. Осыдан кейін футболшы ойынды жалғастыра алмады да, оны алаңнан зембілмен көтеріп алып шықты.




Ойын "Арсенал" жеңісімен аяқталды - 2:1. жеңімпаздар сапында Букайо Сака мен Эдвард Нкетиа гол салды. Ал "Борнмут" сапынан Сэм Сарридж ғана гол соқты.