Өз алаңында Еуропаның кез келген командасын жеңе алады - France Football шолушысы "Астана" туралы
© "Астана" ФК
Еуропа лигасында "Астана" түскен топтағы тартыс соңғы турға дейін жүреді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында France Football және L'Équipe газетінің комментаторы мен шолушысы Танги Ле Севилье осындай болжам жасады.
Қазақстандық клуб К тобына түсті. Бұл топта плей-офф кезеңіне өту үшін "Астана" франциялық "Ренн", киевтік "Динамо" және чехиялық "Яблонец" командаларымен күш сынасады.
"Ренн" әлсіз топқа түсті деп ойламаймын. Бұл төрттікте анық бағысмдығы бар команда жоқ. Алайда "Динамоның" жақсы дәстүрлері мен еурокубоктарда жинақтаған тәжірибесі өте мол. Қазір команда ауыр кезеңдерді өткеріп жатқанымен, плей-офф кезеңге өте алуға мүмкіндігі бар. "Астананы" да ысырып тастауға болмайды. Соңғы бірнеше жылда қазақстандық клуб тыныштықты бұзды. Өз алаңында олар Еуропаның кез келген командасын жеңе алады. Өткен жылы плей-офф кезеңіне өте алды. Биыл олар жетістігін қайталау үшін барын салады.
Чехиялық "Яблонецтің" мүмкіндігі қандай екені белгісіз. Қаржылық жағынан өте қарапайым, бірақ, осындай тең топтар арасында мүмкіндігі бар.
Бұл топта тартыс соңғы турларға дейін жүреді. Плей-офф кезеңіне өту мүмкіндігі әрқайсысында бар. Бұл Еуропа лигасындағы шытырман топтардың бірі", - деп атап өтті ол.
Айта кетейік, Еуропа лигасының топтық кезеңінде "Астана" 20 қыркүйекте киевтік "Динамоға" қарсы ойнайды.

Жарнама