Өз алаңында "Атлетикодан" ұтылған "МЮ" Чемпиондар лигасынан шығып қалды

©Reuters

Чемпиондар лигасы ширек финалына өткен тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz. Жарыс жолын "Атлетико" мен "Бенфика" жалғастыратын болды. 

Мадридтік клуб 1/8 кезеңдегі қарымта ойында "Манчестер Юнайтедті" ұтып кетті. "Олд Траффорд" стадионында өткен матч 1:0 есебімен аяқталды. Шешуші жалғыз голды Ренан Лоди бірінші тайм соңында салды. Криштиану Роналду алаңға негізгі құраммен шыққанымен ештеңе істей алмады.

Командалардың бірінші матчі Испанияда өтіп, тең аяқталған еді - 1:1. 

"Бенфика" Нидерланды жерінде өткен ойында "Аяксты" ұтты. Дарвин Нуньес 77-минутта салған голдан кейін есеп өзгерген жоқ. Португалиядағы бірінші кездесу тең есеппен біткен - 2:2. 

Еске салайық, мұның алдында 1/4 финалға "Реал", "Манчестер Сити", "Бавария" және "Ливерпуль" өткен. Алда "Лилль" - "Челси" және "Ювентус" - "Вильярреал" ойындары бар. Ширек финал жеребесі 18 наурызда тартылады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport