auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Ойыншылары үш есе қымбат. "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы туралы не белгілі?

Ойыншылары үш есе қымбат. "Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы келесі қарсыласы туралы не белгілі?
сурет: reuters

Чемпиондар Лигасын сәтті бастаған "Қайрат" Хайфаның "Маккабиін" алғашқы айналымда жарыстан шығарды. Енді алматылық команда екінші раундта "Црвена Звездамен" кездеседі. Қазірден бастап қос клубтың бапкерлік штабы бір-бірінің әлсіз және мықты тұстарын зерттеп жатқаны белгілі. Бұл ретте Vesti.kz тілшісі қос ұжымның әлеуетін салыстырып көрді.  

·      Тәуелсіз қазақ футболының тарихында алматылық ұжым сербиялық клубпен осыған дейін 4 рет кездескен. 2002/03 жылы УЕФА Кубогінің іріктеуінде Алматыда сербиялық команда 0:2 және өз алаңында 0:3 есебімен жеңіске жеткен. 2015/16 жылғы маусымда Еуропа Лигасының бірінші айналымында қайта жолығып, "Қайрат" екі ойында да қарсыласынан басым түсті. Алматыда 2:1 және қонақта 2:0.

·        Өткен маусымда "Црвена Звезда" 108 ұпаймен Сербия чемпионы атанды. 95 ұпай еншілеген басты бәсекелесі "Партизан" күміс жүлдеге ие болды.

·        Араға 16 жыл салып "Қайрат" та былтыр ел чемпионы атанды.

·       Жалпы алғанда "Қайрат" еурокубок ойындарында 40 матч өткізген. Өз алаңында 14 рет жеңіске жетсе, 5 мәрте тең есеп тіркелген. Сырт алаңда жеңілістің кермек дәмін 12 рет тартқан. Сонымен қатар, қонақта 6 жеңісі және 3 тең ойыны бар.

·        Жалпы еурокубоктерде "Қайрат" әр жылдары Сербия, Словакия, Венгрия, Албания, Дания, Армения, Шотландия, Франция, Израиль, Литва, Андорра, Нидерланды, Чехия, Босния және Герцеговина елдерінің клубтарымен кездескен.

·        "Црвена Звезда" кезіндегі Югославияның 19 дүркін және Сербияның 8 дүркін чемпионы

·       "Црвена Звезда" 1991 жылы Еуропа чемпиондары Кубогінің жеңімпазы атанған. Бір қызығы, сол уақытта сербиялық клубты Любко Петрович жаттықтырды. Ал Петровичтің 2012-2014 жылдары "Тараз" бен "Ақжайықта" жұмыс істегенін футбол сүйер қауым жақсы біледі.

·        "Црвена Звезда" 2020/21 жылы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. L тобында "Хоффенхайм", "Слован" (Либерец) және "Гент" командаларымен өзара мықтыны анықтаған балқандық ұжым 11 ұпаймен екінші орын иеленді.

·        Transfermarket сайтына жүгінсек, "Црвена Звезда" ойыншыларының бағасы 66,35 миллион еуроны құрайды.

·       Мирко Иванич (6,5 миллион), Велько Николич (5), Александр Катай (4,5), Желько Гаврич (4,5) тұрады.

·        Салыстырмалы түрде дәл сол сайт "Қайрат" футболшыларының трансферлік құнын 21,40 миллион еуроға бағалап отыр.

·       "Қайрат" сапында жарақаты бар Яцек Гуральски (2,3 миллион еуро), Дино Миканович (2), Нұралы Әліп (1,7), Раде Дугалич (1,7) ең бағалы ойыншылар тізімін бастап тұр.

·       Сербиялық команданы 2019 жылдан бері Деян Станкович басқарады. 42 жастағы бапкер кезінде "Интер" сапында Чемпиондар Лигасын жеңіп алған.

2021/22 жылғы Сербия чемпионаты осы аптада басталады. Ал алматылық клуб Қазақстан біріншілігі (19 туры өтті) мен Кубокте, сонымен қатар, Чемпиондар Лигасында ойындар өткізіп үлгергенін ескерсек, "Қайрат" нақ бабында. Оның үстіне жазғы трансферлік маусым ашылысымен қатарына біраз сапалы ойыншыларды қосып үлгерді. Олардың арасында Жоао Пауло, Ян Вороговский, Маки Баньяк және Рикарду Алвештер бар. Сондықтан қарымы мықты "Қайрат" турнирдің үшінші раундына өтеді деп топшылаймыз. "Қайрат" пен "Црвена Звезда" арасындағы алғашқы матч 21 шілдеде Алматының "Орталық" стадионында өтеді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама