"Ойында ұтылдық, бірақ, текетірес әлі біткен жоқ" - Финонченко Конференция лигасындағы "Шахтердің" жеңілісі туралы

Сурет: KazFootball.kz

"Шахтердің" бас бапкерінің көмекшісі Андрей Финонченко Конференция лигасындағы румыниялық ФКСБ-мен ойынға қатысты пікір білдірді. 

Бухаресте өткен екінші іріктеу раундындағы ойын алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. 

"Қарсылас ойынды қарқынды бастайды деп күткенбіз. Бір голдан кейін оларда тағы бірнеше жақсы мүмкіндік болды. Матч соңына таман біздің команда есепті теңестіретін бір-екі мүмкіндікті жіберіп алды. Көңіліміз түсіп отыр, біз ұтылдық. Дегенмен бұл текетірес әлі аяқталған жоқ. Өз алаңымызда жеңіске жетіп, келесі кезеңге өту үшін бәрін жасаймыз, басқа амалымыз жоқ. Бүгін жігіттер барын салды, сол үшін оларға алғыс айтамын", - деп береді Финонченконың сөзін клубтың баспасөз қызметі. 

Қарымта ойын 29 шілде Қарағандыда өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport