Футбол
30 қыркүйек 11:09
 

Ойын кезіндегі жағдай 20-ға толмаған футболшының өмірін қиды

  Пікірлер

blog.share

Ойын кезіндегі жағдай 20-ға толмаған футболшының өмірін қиды ©Көрнекі сурет

Испаниялық "Колиндрес" клубының 19 жастағы қақпашысы Рауль Рамирес басынан ауыр жарақат алғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Испаниялық "Колиндрес" клубының 19 жастағы қақпашысы Рауль Рамирес басынан ауыр жарақат алғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қайғылы жағдай бесінші дивизиондағы "Ревилья" командасына қарсы өткен матч кезінде болды. Қақпашы қарсылас команда ойыншымен қақтығысып, басынан соққы алып, есінен танып қалған.

Алғашқы медициналық көмекті команданың бас бапкері Рафа де Пенья көрсетті, кейін жанкүйерлер арасындағы медбике де көмектескен. Дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, футболшының жүрегі екі рет тоқтап қалды – алғаш рет алаңда, кейін жедел жәрдем көлігінде. Ауруханада жас спортшының өмірін сақтап қалу мүмкін болмапты.

Испания Корольдік футбол федерациясы (RFEF) Рамирестің отбасы, туыстары мен командаластарына көңіл айтты:

"Ешкім мұндай жас шағында өмірден кетпеуі тиіс. Жаның жаннатта болсын".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!