Футбол
15 наурыз 2022 19:20

Ойын кезінде жүрегі тоқтап қалған футболшы ұлттық құрамасына қайта шақыртылды

©РИА Новости

Еуро-2020 турнирі кезінде жүрегі тоқтап қалған жартылай қорғаушы Кистиан Эриксен ұлттық құрамасына қайта шақырту алды, деп хабарлайды Дания футбол федерациясы. 

Дания 26 және 29 наурыз күндері Нидерланды мен Сербияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойындарға қатысу үшін Эриксен ұлттық құрамасына шақыртылды. 

Еске салайық, 2021 жылдың 12 маумсында Дания мен Финлияндия арасындағы ойын кезінде Кристиан Эриксеннің жүрегі тоқтап қалған еді. Дәрігерлер алаңда бірнеше минут футболшының өмірі үшін күрес жүргізді. Тіпті алаңда оның жүрегіне массаж да жасалды. 

Кейін даниялық футболшының жүрегіне кардиовертер-дефибриллятор қойылды. Осыған байланысты ол Италияда "Интер" сапында ары қарай ойнай алмады. 

Желтоқсан айында "Интер" футболшымен келісімшартты бұзды. Ал қаңтардың соңыда Эриксен ағылшындық "Бренфорд" командасына ауысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport