Ойнай ма? Роналду 2026 жылғы ӘЧ-ге қатысты жауап берді

©"Әл-Наср" ФК

Саудиялық "Әл-Наср" мен Португалия құрамсының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Алдымен келесі маусымда Еурода ойнағым келеді. Алдымен қысқа және орта мерзімді мақсаттарға қарау керек. Артынан не болатынын көреміз", - деп береді Роналдудың сөзін The Straits Times.
 
38 жастағы Роналду Португалия құрамасы үшін 198 матчте ойнап, 122 гол салыпты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport