Овертаймда жеңісті жұлып алған "Астана" Конференция лигасының келесі кезеңіне шықты

Сурет: "Астана" ФК

"Астана" қарымта ойында грекиялық "Аристі" ұтып, Конференция лигасының үшінші іріктеу раундына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Салоникте өткен ойынның негізгі уақыты 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталған. "Арис" сапынан Димитрис Манос (36-минут) және Лукас Саша (78-минут) гол салды. Ал 86-минутта грекиялықтардың жартылай қорғаушысы Матео Гарсия алаңнан қуылды.

Еске салайық, бірінші матчте "Астана" 2:0 есебімен ұтқан. Енді жеңімпазды анықтау үшін командаларға қсымша уақыт берілді. 

Овертаймда "Астананың" жолы болып, 121-минутта Энео Битри гол соқты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport