Өткен маусымның үздік менеджері анықталды

6 желтоқсан 2021 19:12
©ҚКФЛ

2021 жылғы маусым қорытындысы бойынша Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы үздік менеджерді анықтау мақсатында отандық клуб басшылары арасында сауалнама өткізді.

Сауалнама қорытындысы бойынша "Тобыл" ФК директоры Николай Борисович Панин 21 ұпай жинап, алғашқы орыннан табылды.

Екінші орынды 16 ұпаймен "Қайрат" ФК басшысы Марат Бүркітұлы Баймұқанов иеленді.

Үздік үштікті 15 ұпаймен "Шахтер" ФК атқарушы директоры Ерлан Жаңатайұлы Оразаев түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар