Футбол
29 қаңтар 2019 11:22
 
Өткен маусымда 20 гол салған футболшы жаңа клубқа ауысты

  Пікірлер

blog.share

Өткен маусымда 20 гол салған футболшы жаңа клубқа ауысты Абылайхан Махамбетов (оң жақта). © "Қайрат" ФК

Алғашқы лиганың үздік бомбардирі Абылайхан Махамбетов "Жетісу" сапына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

27 жастағы шабуылшы талдықорғандықтармен Түркияда өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып, өзін жақсы жағынан көрсетті. "Жетісу" оны команда мүшесі ретінде жақын уақыта ресми түрде таныстырады. 

Өткен маусымда Махамбетов шымкенттік "Қыран" үшін алғашқы лиганың 28 ойынында 20 гол салған. Оның командасы ҚПЛ-дің алдағы маусымында ойнауға мүмкіндік үшін таласта "Ертіске" жол беріп қойды. Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) өткізген сауалнама бойынша, Махамбетов алғашқы лиганың үздік футболшысы атанды. 

Шымкенттік футбол мектебінің түлегі Махамбетов "Ордабасы", "Оқжетпес", "Шахтер", "Қызыл-Жар СК" және "Мақтаарал" сиықты клубтарда ойнады. 2012 жылы "Шахтер" сапында Қазақстан чемпионы атанды. "Ордабасы" сапында ел Кубогын иеленген. Еуропа чемпионаттары іріктеу айналымының матчтеріне қатысу үшін Қазақстанның жастар құрамасы сапына шақыртылды.

Айта кетейік, 2018 жылғы маусымда "Жетісу" алтыншы оболды. Қысқы маусым аралығында талдықорғандықтар сапынан жеті футболшы кетті. 

Жарнама

Живи спортом!