"Өте қауіпті...". Лионель Месси жұлдыз болатын 15 футболшыны атады

Сурет: AFP
Каталондық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси болашақта қазіргі футболшылардың қайсы жұлдыз бола алады дегенге қатысты ойын айтты. Аргентиналықтың сөзін Give me Sport келтіріп отыр. 

Месси 15 футболшыны атап, оларға аздаған сипаттама берді.

"Трент Александр-Арнольд ("Ливерпуль") - шабуылда тамаша ойнайтын қорғаушы. Болашақ соның қолында.

Кристиан Пулишич ("Челси") - тепе-теңдегі тамаша және епті.

Мейсон Маунт ("Челси") - ойындарын тамашалағанмын, ең мықтылардың бірі бола алады.

Фил Фоден ("Манчестер Сити") - ойында керемет дүниелер көрсете алады. Таланты зор жігіт.

Джейдон Санчо ("Боруссия" Дортмунд) - қорғаушыларды алдап өтуі таңдандырады.

Лука Йович ("Реал") - ғажап ойыншы, қолдан келмейтінді жасайды.

Кай Хаверц ("Байер") - жасын ескерер болсақ, қақпа алдында өзін ұстауы таңырқатады.

Эдер Милитао ("Реал") - керемет талантты және сұмдық бәсекелес.

Усман Дембеле ("Барселона") - жаттығу қорқыны адам шошытады.

Уссем Ауа ("Лион") - аяғына доп тигенде өте байыпты және тамаша техникасы бар.

Френки де Йонг ("Барселона") - оның жасындағы пас берушілер арасында көзге оттай басылады.

Жоау Фелиш ("Атлетико") - әлемдегі ең жас ойыншылар арасындағы көзге бірден түсетіні.

Килиан Мбаппе (ПСЖ) - өте жылдам және шабуылды соңына дейін жеткізеді. Өте қауіпті.

Йозуа Киммих ("Бавария") - өте талантты қорғаушы, пас көп береді.

Бенджамин Павар ("Бавария") - тамаша қорғаушы, қақпаға алыстан соққы жасай алады", - дейді Месси.
Жаңалықтар