"Өте қатаң жаза". Допингпен ұсталған Руслан Валиуллинге қандай шара қолданылғаны айтылды

©"Тобыл" ФК

Допингпен ұсталған қостанайлық "Тобыл" мен Қазақстан құрамасының қорғаушысы спорттан бірнеше жылға шеттетілді, деп хабарлайды инсайдер Айдын Қожахмет. 

Дереккөздің ақпараты бойынша, Валиуллин 2023 жылдың күзіне дейін футболдан шеттетілді. 

"Екі жыл - өте қатаң жаза. Бірақ бұдан да жаман болуы мүмкін еді. Русланға сабырлық пен шыдамдылық тілеймін", - деп жазды инсайдер. 

Еске салайық, Валиуллинің допинг қолданылғаны Еуропа лигасындағы "Жилинаға" қарсы кездесуден кейін анықталды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport