Өте ауыр сияқты. Неймар ойын үстінде жарақат алды

©twitter.com/TheEuropeanLad

"Пари Сен-Жермен" Франция чемпионатының 15-турында "Сент-Этьен" командасын сырт алаңда 3:1 есебімен ұтты.

Дени Буанга (22-минут) салған голға алаң қонақтары Маркиньостің (45+1, 90) дублі және Анхель Ди Марияның (78) голымен есе қайтарды. Ал Лионель Месси үш голға да ассист жасады. Сонымен бірге, 44-минутта алаң иелерінен Тимоте Колодзейчак алаңнан қуылды.

Қорғаушы Серхио Рамос ПСЖ үшін бірінші матчін өткізді. Ол алаңда толық 90 минут болғанын айта кетейік. 

Ал Неймар алаңға негізгі құрамда шығып, ойын соңына дейін өнер көрсете алмады. 88-минутта бразилиялық ойыншы жарақат алды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport