Осымен төртінші. Тағы бір қазақстандық клуб ойындарын Алматыда өткізеді

Сурет: "Шахтер" ФК
Қарағандылық "Шахтер" футболдан Қазақстан чемпионатының матчтерін Алматыдағы "Жас-Қыран" стадионына ойнайтын болды. 

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстарына байланысты команда өз алаңында ойнай алмайды. "Шахтер" стадионында қазір газон ауысытырылып жатыр, табиғи орнына пластикалық жабынды қойылады. 

Чемпионат басталғалы "Шахтер" өз алаңындағы "Қайратқа" бір ойынын Қостанайдағы "Тобыл Аренада" өткізіп, 1:0 себімен ұтты.

Ал "Жас Қыран" стадионында қазір "Астана" мен "Қызыл-Жар СК" өз алаңындағы ойындарын өткізіп жүр, бастапқыда "Оқжетпес" те Алматыда ойнаған еді, көкшетаулық команда ендігі кезесулерін қайда өткізетіні белгісіз.

16 наурызда тоқтатылған Қазақстан чемпионаты, 1 шілдеде қайта жалғасады. Әзірге ойындар көрерменсіз өтеді. 
Жаңалықтар