Футбол
4 сәуір 2020 13:51

"Осылай істеуім керек болды". Дэвид Бекхэм тосын имджін түсіндірді

Сурет: Football.ua
Англия құрамасының бұрынғы футболшысы Дэвид Бекхэм басын тақырлап, имиджін тағы өзгертті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бекхэм Instagram желісінде суретін жариялап, былай деп жазған. "Осылай істеуім керек болды". Сонымен қатар, "үйде қал", "қауіпсіздікте бол" және "бекем болыңдар" хэштегін қалдырған. 



44 жастағы Бекхэм 1993-2013 жыл аралығындағы карьерасында 540 матчте ойнап, 97 гол салған екен. Футболшы англиялық "Манчестер Юнайтед", "Престон Норт Энд", мадридтік "Реал", америкалық "Лос-Анджелес Гэлакси", италиялық "Милан", франциялық ПСЖ сапында өнер көрсеткен. Ал 1996 мен 2009 жылдар аралығы Англия құрамасында ойнады.