"Осы күнді көп күттік". Жанкүйерлер "Қайраттың" жеңісіне сенімді

сурет: Қайрат фк

Осы аптада футболдан УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші айналымының қарымта кездесу ойындары өтеді. Осы орайда қонақта 1:1 есебімен тең тарқасқан "Қайрат" өз алаңында Хайфаның "Маккабиін" қабылдайды. Клубтың ресми сайтында жанкүйерлердің 50%-ы ойынды стадионнан тамашалауға мүмкіндік алады деген ақпарат бар. Бұл "Орталық" стадионның ресми сыйымдығы 23500 орындық болса, демек 11000 мыңнан аса жанкүйер матчті жасыл алаң жиегінен тамашалайды деген сөз. Қазірдің өзінде барлық билет сатылып кеткен. Vesti.kz тілшісі оңтүстік астанадағы "Қайрат" жанкүйерлерінен кездесудің жеңімпазы кім деген сауалға жауап іздеп көрді.

"Біз бұл күнді көп күттік. Есе қайтаратын кез келді".

"Былтыр жеңімпаз бір ойында анықталған. Бұл жолы жеңеміз".

"Қайрат" клубы ЧЛ екінші раундына өтуге әбден лайық. Менің болжамым 3:1"

"Команданың еурокубоктегі сәтсіз ойынын Шпилевскиймен байланыстырып келдік. Енді беларусьтік бапкер жоқ. "Қайраттың" өзін дәлелдейтін уақыты келді".

"Жеребе тарту рәсімінен соң "Маккаби" қайта қарсылас атанды. Бұл жолы реванш алатын мүмкіндік бар".

"Қайрат" 2:0 есебімен ұтады".

"Менің білуімше, биыл "Маккабиден" біраз мықты ойыншы кетті. Сондықтан нағыз бабында тұрған "Қайрат" ірі есеппен ұтады деп ойлаймын".

Еске салайық, "Қайрат" пен Хайфаның "Маккабиі" өткен жылы Еуропа Лигасының екінші кезеңінде кездескен. Пандемияға байланысты жеңімпаз бір матчте анықталып, Барак Бахар баптайтын команда келесі айналымға жолдама алған болатын.

Метки: