Атақты ESPN спорттық арнасы XXI ғасырдағы ең үздік футболшылардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Тізімге қазіргі заман футболының 25 аңыз ойыншысы енген. Рейтингтің бірінші орнын Аргентина құрамасының жұлдызы Лионель Месси иеленді. Екінші сатыға Криштиану Роналду жайғасса, үздік үштікті француз футболының аңызы Тьерри Анри түйіндеді.
Төртінші орынға Зинедин Зидан тұрақтаса, Лука Модрич бесінші орынға шығып, бірқатар әлемге әйгілі футболшыларды артта қалдырды.
ESPN нұсқасы бойынша XXI ғасырдың үздік 25 футболшысы:
1.Лионель Месси
2. Криштиану Роналду
3. Тьерри Анри
4. Зинедин Зидан
5. Лука Модрич
6. Килиан Мбаппе
7. Андрес Иньеста
8. Хави
9. Роналдо Назарио
10. Роналдиньо
11. Златан Ибрагимович
12. Кевин Де Брюйне
13. Тони Кроос
14. Серхио Рамос
15. Карлес Пуйоль
16. Карим Бензема
17. Серхио Бускетс
18. Роберт Левандовски
19. Кака
20. Неймар
21. Андреа Пирло
22. Уэйн Руни
23. Патрик Виейра
24. Луис Суарес
25. Джанлуиджи Буффон
Айта кетейік, бұл рейтинг ESPN сарапшыларының XXI ғасырдағы футболшылардың жеке жетістіктері, клубтық және халықаралық табыстары, ойынға ықпалы мен тұрақтылығын ескере отырып жасалған.
Жарнама