Футбол
22 сәуір 2020 11:10

"Өсу керек". Қазақстан құрамасы ойыншысының агенті Ресейлік клубпен келісімшарт жайында

Сурет: "Ростов" ФК
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың агенті Евгений Новиков Vesti.kz тілшісіне футболшының ресейлік "Ростов" клубымен келісімшартты ұзартуы бойынша пікір білдірді.


"Ростовпен" келіссөз жүргізіп жатқанымыз рас. Басқа командалардан ұсыныс түскен жоқ. Қазір футболшы мүмкіндігі жеткен жерде және ары қарай өсу керек", - дейді Новиков. 

Мұның алдында Зайнутдиновтың ресейлік клубпен екінші келісімшарты ұзақ уақытқа жасалатыны хабарланған.

Биылғы маусымда Зайнутдинов Ресей премьер-лигасында "Ростов" сапында 12 матчте ойнап, үш гол салды және бір ассист жасады. Қазақстан құрамасының 22 жастағы жартылай қорғаушысы жазда өзге ЕАЭО елдерінің футболшылары сияқты Ресейде легионер болып есептелмейді.