"Осиек" бас бапкері "Қызыл-Жарды" ұтатынын айтты

©Осиек ФК

"Осиек" бас бапкері Ненад Белица Конференция Лигасында "Қызыл-Жармен" қарымта ойын алдында ойымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Алғашқы матчта қарсыластарымыз біз күткендей ойын өрнегін көрсетті. Олар қорғаныста мықты ойнап, біздің кез-келген қателігімізді пайдаланып қарсы шабуылға шығады екен. Сонымен қатар, ұзын пастар арқылы шабуыл ұйымдастырады. Алғашқы кездесуде олар дәл солай үш-төрт рет шабуылға шықты. Демек, "Қызыл-Жар" күтпеген жерден гол салып кетуі мүмкін. Осыған орай, өз ойынымызды көрсетуіміз керек. Жанкүйерлерімізді қуанышқа бөлеп, келесі кезеңге шыққымыз келеді", - дейді Белица клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Еске салайық, "Астана Аренадағы" алғашқы ойын 2:1 есебімен хорватиялық клубтың пайдасына аяқталды.

Қарымта ойын ертең түнгі сағат 00:30-да өтеді. Матчты тікелей эфирде Qazsport теларнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар