"Орталық" стадионда Чемпиондар Лигасының әнұраны шырқалды

сурет: уефа

Алматының "Орталық" стадионында Чемпиондар Лигасының әнұраны шырқалды деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Аталмыш іс-шараны "Қайрат" клубы ұйымдастырып отыр. "Құлансаз" фольклорлы-этнографикалық ансамблі УЕФА әнұранын ұлттық нақышқа келтіріп орындаған. Өткен жылы араға 16 жыл салып ішкі біріншілікте топ жарған "халықтық" команда биыл Чемпиондар Лигасында бақ сынауда.

Турнирдің бірінші айналымында Кирилл Кекер жаттықтыратын команда сырт алаңда Маккабидің "Хайфасымен" кездесіп, 1:1 есебімен тең түскен. Қарымта ойын 14 шілдеде өтеді. Әдетте Чемпиондар Лигасының әнұраны жарыстың плей-офф кезеңінен бастап ресми түрде қосылады.

Метки: