Орта Азияның екі бапкері ҚПЛ-да жұмыс істеуі мүмкін

©ТФФ

Орта Азияның екі бапкері Қазақстан премьер лигасында жұмыс істеуі мүмкін, деп жазады KazFootball.kz.

Олардың бірі – Ұлықбек Бақаев. Өзбекстандық ойыншы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Себебі кезінде "Тобыл", "Жетісу" және "Ертіс" клубтарында доп тепкен. ҚПЛ-дің төрт дүркін үздік сұрмергені атанған. Спорттық карьерасы аяқталған соң Өзбекстанда "Бухара" және "Согдиана" командаларының бас бапкері міндетін атқарды.

Екіншісі 50 жастағы Виталий Левченко. Тәжікстандық маман футболшы кезінде Киевтің "Динамосында", ЦСКА мен "Таврия" кубтарында ойнаған. Тәжікстан құрамасының намысын қорғады. Бапкер ретінде Ресейдің "Крылья Советов" және Тәжікстанның бірнеше клубындағы жұмысымен танымал.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport