Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан сырт алаңда ұтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өткен матч 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталады. Кездесудегі голды 12-минутта Ходжимат Эркинов пен 45-минутта Элдор Шомуродов соқты.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан екінші кездесуде жеңіліс тапты. Бұған дейін Магомед Адиевтің шәкірттері Ұлттар лигасында Әзірбайжан құрамасынан 0:3 есебімен ұтылған болатын.
Айта кетейік, бұл кездесу барысында екі жылдық үзілістен кейін Бауыржан Исламхан алаңға шықты. Ол екінші таймда қосылып, капитан болды. Бірақ, гол соғуға көмектесе алмады.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 қараша күні өткізеді. Бұл күні Абу-Даби қаласында біздің құрама БАӘ командасына қарсы ойнайды.