"Ордабасының" шабуылшысы алғаш рет Қазақстан құрамасына шақыртылды

Сурет: "Ордабасы" ФК

"Ордабасының" шабуылшысы Эльхан Астанов Қазақстан құрамасы сапына шақыртылды. Футболшы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуіндегі Франция мен Украинаға қарсы матчтерге қатысуы ықтимал, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

Шымкенттік футбол мектебінің түлегі Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарында клубының барлық ойындарына қатысып, ұлттық команда бапкері Талғат Байсуфиновтың көзіне түскен. 

Мұның алдында Астанов тек жастар құрамасында ғана ойнаған. Бұл команда үшін ол 2020 жылы Черногорияға қарсы матчте алғаш рет алаңға шыққан. 

Еске салайық, құрама сапына Александр Мокин, Азат Нұрғалиев, Тимур Рудосельский, Данияр Үсенов, Серікжан Мужиков және Рамазан Оразов та шақыртылды.