"Ордабасының" ҚПЛ-ге қатысуына қатысты шешім шықты
©"Ордабасы" ФК
Қазақстан футбол федерациясының Сертификация бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚФФ сайты.
Қазақстан футбол федерациясының Сертификация бойынша комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚФФ сайты.
Ол бойынша мынадай шешім шығарылды:
"Комиссияның 2022 жылғы 9 ақпандағы шешімінде көрсетілген негізгі міндетті орындауына байланысты "Мақтаарал" мен "Ордабасы" клубтарына 2022 жылғы маусымдағы ҚР Кубогі мен ел чемпионатына қатысуға шартты түрде рұқсат беру. Сонымен қоса, клубтарға Комиссия шешімі бойынша көрсетілген өзге ескертулерді орындау қажет", - делінген хабарламада.
Еске салайық, "Ордабасы" ҚПЛ-2022 аясында "Мақтааралды" өз алаңында қабылдайды. Матч 5 наурызда өтеді.
Жарнама