"Ордабасының" бұрынғы бапкері Болгария құрамасын жаттықтыратын болды

Сурет: "Ордабасы" ФК
"Ордабасының" бұрынғы бапкері Георги Дерменджиев Болгария құрамасын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды елдің футбол одағының ресми сайты. 

64 жастағы маманмен келісімшарт жарты жалға есептелген. Дерменджиев бұл қызметке 18 қазанда жұмыстан босатылған Красимир Балаковтың орнына келді. 

ҚПЛ-2018 маусымының басында Дерменджиев "Ордабасын" жаттықтырған. Оның бастауымен шымкенттік команда чемпионатты қатарынан төрт жеңістен бастады, алайда, осыдан кейін клуб еурокубоктарға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Осы уақытта еңбекақыны кешігіп беру басталды да, болгариялық маман клубтан кетуге шешім қабылдады. 
Жаңалықтар