"Ордабасының" бапкеріне еуропалық команда қызығушылық білдіруде

©"Ордабасы" ФК

Борисов қаласының БАТЭ командасы ордабасы командасының бас бапкері Александр Седновті клубқа шақыруға ниетті, деп жазады Football.by порталы. 

48 жастағы беларус маман карьерасын шет елдік ұжымдардың бірінде жалғастыруға ниетті. 

Седнев шымкенттік команданың тізгінін жылдың басында ұстады. Биылғы маусымда бұл маманның бастамасымен "Ордабасы" Қазақстан чемпионатында бесінші орын алды. Ал 2019 жылы ол "Ақтөбе" клубының бас бапкері болған. 

Айта кетейік, БАТЭ - Беларусь біріншілігіндегі ең танымал командалардың бірі. Бұл ұжым ішкі чемпионатты 15 мәрте жеңген. Сонымен қатар, Беларусь кубогін бес рет иемденген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар