"Ордабасының" бапкері "Астананы" ненің арқасында жеңгенін айтты

Сурет: "Ордабасы" ФК

"Ордабасының" бас бапкері Александр Седнев Қазақстан чемпионатының 17-ші турындағы "Астананы" ұтқандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Нұр-Сұлтанда өткен кездесу 2:0 есебімен шымкенттік команда пайдасына аяқталды. 

"Бәрін жеңіспен құттықтаймын! Сәттілік біздің жақта болады, дегенмен, басты фактор футболшылардың үлкен ынтасы болды деп есептеймін. Ұйымдасқан ойын көрсетті, ойлаған сәттердің көбін іске асыра алды. Футболшыларға үлкен рахмет, енді келесі ойынға дайындаламыз", - деп береді маманның сөзін клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұл турнир кестесінде көш бастап келе жатқан "Астананың" бірінші рет ұтылуы. Ал шымкенттік команда 24 ұпаймен бесінші келеді. 

27-маусымдағы келесі турда "Ордабасы" өз алаңында "Жетісумен", ал "Астана" сырт алаңда "Қызыл-Жармен" ойнайды.