"Ордабасыны" Еуропа лигасынан ұшырған команда албаниялық клубтан ұтылды

18 қыркүйек 2020 12:53
"Ботошани" ФК. Сурет: Prognozy-bk.ru ©
Румыниялық "Ботошани" футбол клубы Еуропа лиагсының екінші турында албаниялық "Шкендиядан" ұтылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Есепті екінші минутта Бесарт Ибраими ашты. 61-ші минуттан бастап "Ботошани" көпшілікте ойнады, "Шкендияның" бір футболшысы алаңнан қуылды. Дегенмен румыниялық команда есепті теңестіре алмады, есеп 1:0 күйінде қалып, албаниялық клуб жеңіске жетті.

Келесі раундта "Шкендия" англиялық "Тоттенхэммен" ойнайды. Бірінші раундта "Ботошани" шымкенттік "Ордабасыны" Еуропа лигасынан шығарып тастаған еді. Кахабер Цхададзе жаттықтыратын команда өз алаңда 1:2 есебімен есе жіберген болатын.
Жаңалықтар