Есепті екінші минутта Бесарт Ибраими ашты. 61-ші минуттан бастап "Ботошани" көпшілікте ойнады, "Шкендияның" бір футболшысы алаңнан қуылды. Дегенмен румыниялық команда есепті теңестіре алмады, есеп 1:0 күйінде қалып, албаниялық клуб жеңіске жетті.
Келесі раундта "Шкендия" англиялық "Тоттенхэммен" ойнайды. Бірінші раундта "Ботошани" шымкенттік "Ордабасыны" Еуропа лигасынан шығарып тастаған еді. Кахабер Цхададзе жаттықтыратын команда өз алаңда 1:2 есебімен есе жіберген болатын.