Шымкенттік "Ордабасы" футбол клубының президенті Асхат Сейсембек жаңа маусымда легионерлерге қатысты қандай ұстанымда болатынын айтып берді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның сөзінше, олар командада шетелдік футболшылар санын былтырғы маусымға қарағанда азайтпақ."Легионерлер керек, олар команда ішінде бәсеклестікті артыруға әсер етеді, бірақ, біз Қазақстан чемпионатының ережесін ұстанамыз, ал онда командада 12 легионер ойнай алатыны жазылған. Бүгінгі таңда біз легионерлер санын былтырмен салыстырғанда азайтпақпыз. Егер биыл 12 легионерге рұқсат берсе, біз 9-10 легионермен шектелеміз және ары қарай да ақырындап азайта береміз", - дейді Сейсембек "Отырар ТВ" арнасына.