"Ордабасы" қысқы маусым аралығында мықты ойыншылардан айырылады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Инсайдер Айдын Қожахметтің мәліметінше, клубтан Еркебұлан Тұңғышбаев пен Абдуллаи Диакате кетеді. Шымкенттік команда енді олардың айлығын көтере алмайды.
Тұңғышбаев өткен маусымда 19 матчке қатысып, төрт гол салды. Ол "Ордабасы" үшін 2013 пен 2018 жылдар аралығы да ойнаған, кейін "Қайрат" сапына өтті.
Диакате "Ордабасында" 2014 жылы бірінші рет өнер көрсетті, ал 2016 жылдан тұрақты ойнап келеді. ҚПЛ-де ойнайтын африкалық футболшылар арасында ол ең көп матч өткізген рекордсмен болып отыр.