"Ордабасы" сырт алаңда "Ақжайық" командасынан айласын асырды

©"Ордабасы" ФК

"Ақжайық" Қазақстан премьер-лигасының он бесінші турында "Ордабасыны" қабылдады. Матч Оралдағы "Ақжайық" стадионында өтіп, 0:1 есебімен аяқталды.

Ойындағы жалғыз әрі жеңісті голды 78-минутта Одилбек Абдумажидов басымен соқты. Нәтижелі пасты Эльхан Астанов өз еншісіне жазды.

Қазақстан премьер-лигасы, 15-тур

"Ақжайық" – "Ордабасы" – 0:1

"Ақжайық": Константин Махновский (қ) – Бауыржан Омаров (Рысбек Коңыров 85), Сергей Шустиков (к), Виталий Приндета, Мирам Сапанов (Владимир Покатилов 46), Эльдар Абдрахманов – Рафаэль Сабино, Максим Каленчук – Ардақ Сәулет, Артур Газданов, Лука Имнадзе;

"Ордабасы": Бекхан Шайзада (қ)  – Самат Шамши (к), Сағадат Тұрсынбай, Одилбек Абдумажитов, Карам Сұлтанов, Никита Шершнёв (Әділхан Добай 79) – Секу Думбия (Батырхан Тәжібай 79), Александр Батищев, Виктор Брага – Эльхан Астанов, Всеволод Садовский (Луис Гедеш 68);

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport