"Ордабасы" ресейлік клуб капитанына ұсыныс жасады

© fckhimki.ru
Шымкенттік "Ордабасы" ресейлік "Химки" капитаны Дмитрий Тихийге қызығып отыр, - деп хабарлайды "Матч ТВ".

Ақпарат бойынша, қазақстандық клуб 27 жастағы қорғаушыға ұсыныс жасаған екен. 

Мұның алдында "Ордабасы" сапына ҰФЛ-дің (Ресейдің екінші дивизионы) басқа ойыншысы - "Енисейдің" қорғаушысы Александр Клещенко өткен болатын. 

Сонымен бірге, Тихий "Ордабасы" ұсынысын басты ретінде қарастырып отырған жоқ, өйткені ол карьерасын Ресей премьер-лигасында жалғастырғысы келеді. ҰФЛ-дің қазіргі біріншілігінде 27 жастағы футболшы 24 матчте ойнады. Бұған дейін Тихий "Луч", "Факел" мен "Томь" командаларында өнер көрсеткен.