"Ордабасы" президенті Бақтияр Байсейітов қызметінен кетеді
Шымкенттік "Ордабасы" командасының президенті Бақтияр Байсейітов қызметінен кетеді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Шымкенттік "Ордабасы" командасының президенті Бақтияр Байсейітов қызметінен кетеді. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет хабарлады.
Қазіргі уақытта Байсейітовтің орнын басатын кісі де белгілі екен.
"Бұрнағы күні Даниярұлы клубтың сертификация мәселесін шешуде. Бұл мәселелердің барлығын шешкен соң ол қызметінен кетеді. Оның орнын басатын маман да белгілі", - деді БИІК командасының иегері Бауыржан Әбдубайытов.
Жалпы қазақ футболындағы тағы бір азаматтың карьерасы аяқталуда", - деп жазды дереккөз.
Айта кетейік, "Ордабасы" командасы 2022 жылы Қазақстан біріншілігіне қатысу үшін әлі сертификат алмады. Енді шымкенттік команда барлық құжатты 20 ақпанға дейін өткізу керек. Кері жағдайда клуб келер маусымға қатыса алмайды.
Жарнама