"Ордабасы" президенті Астановтың трансферіне қатысты нақты жауап берді

©"Ордабасы" ФК

"Ордабасы" президенті Бауыржан Абдубайтов Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Эльхан Астановтың ресейлік клубқа ауысуы мүмкін деген сыбысқа байланысты жауап берді. 

"Астановты Ресей клубтарына ауысады деген ақпаратты БАҚ өкілдері шығарып жүр. Бірақ біз қазір жас ойыншыларды командамызда сақтап қалғымыз келеді. Астанов - болашағы зор футболшы. Осы маусымнан кейін жағдай өзгеруі мүмкін. Қандай ұсыныс түсетінін көрейік", - деді шымкенттік команданың басшысы. 

Айта кетейік, биыл Астанов "Ордабасы" командасының ең нәтижелі футболшысы. Ол ҚПЛ-де 12 мәрте нәтижелі әрекетімен көзге түсті.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар